Радиоактивті қалдықтар бұрынғы полигондағы ядролық қауіпсіздік аймағына орналастырылуы мүмкін
Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы жинақталған радиоактивті қалдықтарды шамамен 293 млн тоннаға бағалайды, оның 237 млн тоннаға жуығы Семей полигонындағы ядролық сынақтардан кейінгі ластанған топырақ пен жынысқа тиесілі.