Шоколад 2024 жылы айтарлықтай қымбаттайды

Bloomberg мәліметінше, Кот-д’Ивуар мен Ганадағы (әлемдегі ең ірі какао өндірушілер) қолайсыз ауа райы өнімділікті төмендетіп, жеткізілімді азайтып, бағаны өсіруде. «Нарық 2023/24 жылы тапшылықтан құтылу үшін өндірістің қалпына келетініне сенімсіз».

Шоколад 2024 жылы айтарлықтай қымбаттайды

Bloomberg деректеріне сәйкес, Кот-д’Ивуар мен Ганадағы (әлемдегі ең ірі какао өндірушілер) қолайсыз ауа райы жағдайлары өнімділіктің төмендеуіне, жеткізілімнің қысқаруына және бағаның өсуіне әкеліп отыр.

«Нарық 2023/24 жылы ұсыныс тапшылығының алдын алу үшін өндіріс жеткілікті деңгейде қалпына келеді дегенге сенімді емес сияқты», — деп атап өтті ADM Investor Services Inc. сарапшылары.

Нью-Йорктегі какао фьючерстері 1%-ға өсіп, 45 жыл ішінде алғаш рет тоннасына 4000 доллардан асты.

Эль-Ниньо әсерінен туындаған ауа райының өзгеруі жағдайды одан әрі ушықтырып, дамушы елдерде оның салдары қатты сезілетін болады. 2024 жыл азық-түлік тапшылығы жылы болуы әбден мүмкін.