Ғарыштық алаяқтық 19,5 ярдқа

«Бәйтерек» зымыран кешенінің бюджеттік бағдарламасына шамамен 19,5 млрд теңге бөлу сұралып отыр. Бірақ бір ерекшелік бар.

Ғарыштық алаяқтық 19,5 ярдқа

Бюджеттік бағдарлама бойынша «Бәйтерек» зымыран кешеніне шамамен 19,5 млрд теңге бөлуді сұрап отыр.

«Бәйтерек» – Қазақстан мен Ресейдің ғарыш аппараттарын жасау және оларды ұшыру жөніндегі бірлескен жобасы.

2023 жылы бұл іске 6,3 млрд теңге бөлінген болатын, ал 2025 жылы тағы 13,2 млрд теңге сұралып отыр.

Ресми ақпарат бойынша, ақшаны аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға және қолдауға жұмсамақ, ал алдына 2024 жылы зымыран кешенінің 25,8% дайындығына қол жеткізу міндеті қойылған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, шығындар ұшқышсыз ғарыш бағдарламаларын орындайтын жаңа буын зымырандарын ұшыру үшін қолданыстағы «Зенит – М» ғарыш зымыран кешенін жаңғыртуға бағытталған.

Ал енді бір нюанс. Зенит зымыран кешендеріне арналған жинақтаушы бөлшектер Днепропетровскідегі Оңтүстік машина жасау зауытында жасалған еді. 2022 жылғы 26 шілдеде ресейлік зымыран соққыларының нәтижесінде зауыттың өндірістік цехтары мен инфрақұрылымы жойылды.

ЦМДАИА сұрағы – сіздер қандай зымырандарды ұшыруды жоспарлап отырсыздар және жинақтаушы бөлшектерді қайдан аласыздар?